APNs сертификатын жаңарту

APNs сертификатын жаңарту үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  3. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    iOS MDM сервері сипаттары терезесі ашылады.

  4. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Сертификаттар бөлімін таңдаңыз.
  5. Сертификаттар бөлімінде, Apple пуш-хабарландыруының сертификаты параметрлері блогында Жаңалау түймесін басыңыз.

    APNs сертификатын жаңарту шебері іске қосылып, APNs сертификатын жаңарту терезесі ашылады.

  6. Сертификатқа қол қоюды сұрауын (бұдан әрі CSR сұрауы) жасаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. CSR жасау түймесін басыңыз.
    2. Ашылған CSR жасау терезесінде сұраудың атауын, компания мен департамент атауын, қаланы, облысты және елді көрсетіңіз.
    3. Сақтау түймесін басып, CSR сұрауы сақталатын файл атауын көрсетіңіз.

    Болашақ сертификаттың жеке бөлігі (private key) құрылғының жадында сақталады.

  7. CSR сұрауымен бірге жасалған файлды сіздің CompanyAccount арқылы "Лаборатория Касперского" бағдарламасына қол қою жіберіңіз.

    CSR сұрауына қол қою, Ұялы құрылғыларды басқаруды қолдануға рұқсат беретін кілтті CompanyAccount порталына жүктегеннен кейін ғана қолжетімді.

    Электрондық сұрауыңыз өңделгеннен кейін, сіз "Лаборатория Касперского" қол қойған CSR сұрауы файлын аласыз.

  8. Қол қойылған CSR сұрауы файлын ерікті Apple ID арқылы Apple Inc. веб-сайтына жіберіңіз.

    Дербес Apple ID қолдану ұсынылмайды. Бөлек Apple ID жасап, оны корпоративтік идентификатор ретінде қолданыңыз. Жасалған Apple ID-ді жекелеген қызметкердің емес, ұйымның пошта жәшігіне байлаңыз.

    CSR сұрауыңыз Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін, сіз APNs сертификатының жария бөлігін алатын боласыз. Алынған файлды дискіге сақтаңыз.

  9. Сертификаттың жария бөлігін сұраңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. Apple Push Certificates порталына өтіңіз. Порталда авторизациядан өту үшін сертификатты бастапқы сұрау кезінде алынған Apple ID керек болады.
    2. Сертификаттар тізімінен, APSP атауы ("APSP: <нөмір>" пішіміндегі атауы) iOS MDM сервері қолданатын сертификаттың APSP атауына сай келетін сертификатты таңдап, Жаңалау түймесін басыңыз.

      APNs сертификаты жаңартылады.

    3. Портал жасаған сертификатты сақтап қойыңыз.
  10. APNs сертификатын CSR сұрауын қалыптастыру кезінде жасалған жеке кілтпен бірге PFX пішіміндегі файлға экспорттаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. APNs сертификатын жаңарту терезесінде CSR аяқтау түймесін басыңыз.
    2. Ашылған Ашу терезесінде, CSR сұрауы Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін алынған сертификаттың жария бөлігімен бірге файлды таңдап, Ашу түймесін басыңыз.

      Сертификатты экспорттау іске қосылады.

    3. Ашылған терезеде жеке кілтке арналған құпиясөзді енгізіп, ОК түймесін басыңыз.

      Белгіленген құпиясөз APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату үшін қолданылады.

    4. Ашылған APNs сертификатын жаңарту терезесінде APNs сертификатын сақтауға арналған файл атауын көрсетіп, ол сақталатын қалтаны таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.

Сертификаттың жеке және жария бөліктері біріктіріледі, APNs сертификаты PFX пішіміндегі файлға сақталады.

Сондай-ақ, қараңыз:

APNs сертификатын алу

Басына оралу